Мекендеп шынар шың басын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мекендеп шынар шың басын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 581
Мекендеп шынар шың басын,
Үзгендей жапырақ сырғасын.
Білмеппін мынау өмірдің
Жаз болып мәңгі тұрмасын.
Жақынмын жанға көңілі ақ,
Көңілге жетер жол ұнап.
Сайраймын, таңда туған ел,
Бұтағыңа сенің қонып ап...
Күнім бар менің қаншалық,
Жапырақтан тасқа тамшы ағып.
Осынау орман өмірге
Кетейін әнмен жан салып.
Өлгендер қайта тірілсін,
Өткен күн қайта бұрылсын.
Сағынышымның көз жасын,
Сарғайған гүлдер сімірсін.
Сайрайтын арман күн бүгін,
Ауырлап қайтем жыр жүгін.
Тисе екен барып сезімге,
Тамшыға ұқсап сырлы үнім.
Дерттіні әнмен емдеппін,
Әніме шығар шөлдеп күн.
Саңқылдап көкте қырандай,
Жарқылдау үшін келмеппін...
Жаныма титтей жоқ дауа,
Ортақ боп жақын, жатқа да.
Келіппін мынау өмірге –
Ән салу үшін тек қана,
Тамсану үшін тек қана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мекендеп шынар шың басын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мекендеп шынар шың басын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мекендеп шынар шың басын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мекендеп шынар шың басын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері