Жанарым-ай, бәріне кінәлісің – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жанарым-ай, бәріне кінәлісің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің,
Қимастықтан тұр енді жылап ішім.
Мен кінәлі емеспін, мен кінәлі,
Мына еліктің күнәсіз лағы үшін.
Бөленді ол бөлекше шуағыңа,
Шуақтаған жанды адам қуады ма?
Саған екі кездесер тіршілікте,
Екінші рет мұндай жан туады ма?
Тұрмыз енді мәңгілік қоштасқалы,
Бізді қайтып ғұмырдың қоспас дәмі.
Қылы едің қолдағы қобызымның,
Сен үзіліп, мен тұрмын от басқалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері