Өлең, жыр, ақындар

Арудай ақ жамылып дала жатыр

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Арудай ақ жамылып дала жатыр,
Ай сырғып айдынынан бара жатыр.
Көлбеңдеп көз алдыма көп көлеңке,
Бірде алыс, бірде жақын салады асыр.
Естіген ертегіден перілер ме?
Жем еткен жолаушыны бөрілер ме?
О, сұмдық, үрейленсең өз-өзіңнен,
Қу бұта құбыжық боп көріне ме?
«Пендеңнің таусылған ба татар дәмі?» –
Көлеңкем күбірлейді қатардағы.
Айлы түн мені осылай сырға бөлер,
Бір жалғыз жан секілді жапандағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арудай ақ жамылып дала жатыр өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Арудай ақ жамылып дала жатыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Арудай ақ жамылып дала жатыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арудай ақ жамылып дала жатыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері