Біреудің мен де сендей балқаймағы – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Біреудің мен де сендей балқаймағы» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біреудің мен де сендей балқаймағы,
Балбырап бал татыған таңдайдағы.
Өзімнен төмен біреу ту ұстаса,
Жүр шығар маңдайымның жанбай бағы.
Күншілге күнің түссе – сорлағаның,
Жабығып жадау жаның, жолда қалдың.
Жатыр деп бүгін ері аударылып,
Замандас, сен де мені қорламағын.
Ақылы асып тұрса ақылымнан,
Жатты да кем көрмеймін жақынымнан.
Аз емес маған даусын көтергендер,
Дауысы шықпай жатып тақымынан.
Бұл – менің емес саған шағынғаным,
Тұрады мәңгі бақи бабында кім?
Жанбаса, баянсыз бақ жанбай қалар,
Адамды адам ғой деп қабылдағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біреудің мен де сендей балқаймағы өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Біреудің мен де сендей балқаймағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біреудің мен де сендей балқаймағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біреудің мен де сендей балқаймағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері