Табиғат - болмыс күшімен – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Табиғат - болмыс күшімен» атты Жарылқасын Аманұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Табиғат-болмыс күшімен,
Ұшқын боп жерге түсіп ем.
Жарқылдап жандым өзгеше,
Жарықтың сансыз ішінен.
Дән де боп жерге шашылдым,
Жүзімді аз күн жасырдым.
Көгеріп өніп көктемде,
Нұрымен күннің ашылдым.
Сені, өмір, отқа теңесем,
Ұшқының болып кеңесем.
Дария болсаң, бұлақпын,
Тартылып қалам деме сен.
Шырпыдай жағып жаңқаны,
Кептірсе аптап аңқаны.
Нөсер боп селдеп құяр ем,
Қанардай егіс алқабы.
Ақ дәнің пісіп жетіліп,
Самалдай шаттық есіліп.
Еңбегі жанған егіншің,
Бой жазар еді көсіліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғат - болмыс күшімен өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Табиғат - болмыс күшімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табиғат - болмыс күшімен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Табиғат - болмыс күшімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері