Ақын жүрегі

Бұл бетте «Ақын жүрегі» атты Жарылқасын Аманұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жалғыз сен ақын, түн бойы,
Тұңғиық ойда жататын.
Қарсы алмақ үшін жырменен,
Арайлы таңды ататын.
Сайраған үнін бұлбұлдың,
Ұғынар жан да сен ғана.
Күй шерткен күйшің – табиғат,
Сырласың досың – кең дала.
Құштарсың фәни өмірге,
Сезімің нәзік өзгеден.
Табиғат көркі, құс үні,
Сыр шертер өзге сөзбенен.
Егіліп жаның сол сәтте,
Тірліктің қымбат сағатын.
Іздейсің қайда, қайда деп,
Мәңгілік етіп соғатын.
Ой басып жүзің тұрғаның,
Қосылып күлмей басқаға.
Қуаныш, қайғы сен үшін –
Бір тамшы кейде жас қана.
Шыңырау сезім шымырлап,
Тізе бер сөздің маржанын.
Кеудеңде сенің көл-көсір,
Арманы жатыр бар жанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын жүрегі өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақын жүрегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын жүрегі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын жүрегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері