Қарасай бабаға – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қарасай бабаға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қолдасын Аруағың, батыр бабам,
Рухың өзгелерден жақын маған.
Қол жайып қысылғанда бір өзіңе,
Келеді ғұмыр кешіп ақын балаң.
Дүние шыр айналып өтер заман,
Бұл жүрген бірте-бірте кетер адам.
Тойыңа 400 жылдық келіп тұрмыз,
Кеудеңді қара жерден көтер, бабам.
Келіп тұр ұрпақтарың, өрендерің,
Көз ашып бір сәт бізді көрер ме едің.
Бергендей Төле биге текті бата,
Маған да текті бата берер ме едің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарасай бабаға өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарасай бабаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарасай бабаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарасай бабаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері