Мәңгілік бақыт болмайды – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мәңгілік бақыт болмайды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мәңгілік бақыт болмайды,
Басыңа мәңгі қонбайды.
Мәңгілік емес тағы да,
Басыңа түскен сор-қайғы.
Өмір де түпсіз дария
Асып та тасып жатсаң да,
Көншіп бір көңіл толмайды.
Көңіл де күндей құбылар.
Көңілді – қайғы, күн көзін
Қап-қара бұлт торлайды.
Бақыттымын дегендер,
Әп-сәтте бір күн сорлайды.
Қор болып жүрген жанды да,
Әп-сәтте Алла қолдайды.
Басына пәле төнгенді,
Құтқарам десе бір Алла,
Әп-сәтте тағы қорғайды.
«Бүйтемін» деме күні ертең,
Күні ертең сенің дегенің,
Дер кезінде болмайды.
Алласыз асып-тасқандар
Ақыр соңында оңбайды.
Алланың бәрі еркінде,
Кім алдын қалай болжайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік бақыт болмайды өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік бақыт болмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік бақыт болмайды өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік бақыт болмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері