Қара ниет – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қара ниет» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қара ниет,
Қайырымсыз болсам,
Байлық - бағыңды берме, Тәңірім.
Асқақтап сөйлеп,
Алжасар болсам,
Шалқытар шағыңды берме, Тәңірім.
Екі жүзді,
Өтірікші болсам,
Ақжол, арайлы таңыңды берме, Тәңірім.
Тобамнан,
Жаңылар болсам,
Алтынды тағыңды берме, Тәңірім.
Тұрсам да, жүрсем де,
Жыласам да, күлсем де.
Бір өзіңнің әмірің О, жаратқан Тәңірім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара ниет өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қара ниет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара ниет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара ниет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері