Беймарал туған жердің даласында – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Беймарал туған жердің даласында» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Беймарал туған жердің даласында,
Бұлдырай ақ сағымның арасында.
Күнара әжеме еріп, жусан теріп,
Қайтушы ем сәске түстің шамасында.
Бозторғай шырқау көкте шырылдаған,
Даламның дарытыпты жырын маған.
Тұратын сөзіме әжем еміреніп,
Секілді мамабие құлындаған.
Келе сап, солқылдатып түйіп келі,
Бұрқырап кебек жусан иістері.
Әжеммен дән кеусесіп жағаласқан,
Жалған-ай, күндер қандай сүйікті еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Беймарал туған жердің даласында өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Беймарал туған жердің даласында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Беймарал туған жердің даласында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Беймарал туған жердің даласында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері