Болмысы жаман адамның – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Болмысы жаман адамның» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Болмысы жаман адамның,
Жақсылығы жоқ, жалынба.
Маңсаптың құлы наданның,
Маңына бар ма, табынба.
Еркіндік атын қорлама,
«Ұл таптым» деген анаң бар.
Тамсанып оңай олжаға,
Таптата көрме табанға ар.
Опасыз мына жалғанда,
Жақсы ісің ғана қалады.
О дүниеге барғанда,
Нұр шашып қарсы алады.
Жандыға қылған жазаның,
Жауабы болмас демегің.
Тартасың сен де азабын,
Келгенде бір күн кезегің.
Түскенде Тәңір сотына,
Өлшеніп күнә, сауабың.
Дозақтың түсіп отына,
Бере алмай жүрме жауабын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болмысы жаман адамның өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Болмысы жаман адамның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болмысы жаман адамның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болмысы жаман адамның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері