Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды,
Ұқпай өтті-ау, не бір дана бұрынғы.
Раббым-ау, шексіз тылсым сырына,
Сонша неге құштар еттің құлыңды?
«Ғалам шексіз, шектеулі ақын ойыңда,
Шексіз сырын білмесең де мойында.
Деген бір үн естіледі ғарыштан,
Білмейсің деп, не барын өз бойында».
Басымды идім құдіреттің күшіне,
Тылсым сырын алмас ешкім түсіне.
Жаратушы он сегіз мың ғаламды,
Ақыл мен ой жетпес Алла ісіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері