Адамның осы болар өлмегені – Төлеген Құмарұлы

Бұл бетте «Адамның осы болар өлмегені» атты Төлеген Құмарұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шырағың маңдайдағы сөнбегені,
Қара жер бесігіне енбегені.
Бір басын қамсыз қылып жөндегені,
Емес ол адамдардың өлмегені.

Кеңесің көптің ойын өңдегені,
Ортада ықпалыңның деңдегені.
Ұрпақтан ұрпақ жалғап сендегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Ақынның жырға қалам тербегені,
Батырдың жаyға қару сермегені.
Fалымның хикметті жөндегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Ұстаның айшықты əсем зерлегені,
Аспанға əн əуеннің кернегені.
Тəтті күй көңіліңді тербегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Шешеннің дауда ырық бермегені,
Көсемнің жан-тəнімен ел дегені.
Жеке бас қоғам үшін терлегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Қисықты жолыңдaғы жөндегені,
Көңілдің жарақатын емдегені.
Көп үшін ымыраға көнбегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Қаламшаң еккен көктеп өрлегені,
Ұрпaғың жарамды боп төрлегені.
Өнерге шындап құлаш сермегені,
Адамның осы болар өлмегені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамның осы болар өлмегені өлеңінің авторы кім?

Төлеген Құмарұлы — осы өлеңнің авторы.

Адамның осы болар өлмегені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамның осы болар өлмегені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Құмарұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамның осы болар өлмегені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері