Өлең, жыр, ақындар

Пендешілік

Кейде пенде қалайды әлденені,
Құдай берген несібесін аз көреді
Шарықтап,шалқып жүріп,көңіл тасып,
Сынақ түссе,бұлданады,күрсінеді

Шексіз ғой Жаратқанның мейірімі,
Түзу болса құлының әр пейілі
Әй қайдам жылтыр көрсе жолдан тайып
Соқыр болып кетеді,сол қиыны

Алайда,Алла оны кешіреді,
Миы жоқтар бәрі-бір есіреді,
Мұсылманның күнәсін кешірші деп,
Тәубешілдер Тәңірге бас иеді

Оранғанға сөйлейді “арабқұл” деп,
Бұзық ниет,харам іс,қара жол деп
Өзінде шаруасы жоқ пасық,надан
Жүреді сақалдыны жауға теңеп

Өмір өтет,кетеді әрбір пенде
Соқпайды енді дабылсыз,ынтық кеуде
Сондағы айтқанымыз Жаратқанға
“Құдай ау алдын жаның оның неге?”

Өлім хақ,ешкім оны жеңе алмаған,
Сұрақтар көп қой жанда шырмаланған
Білмеймін таңды ертен көре аламба?
Білетінім болмас пенде сұралмаған

Сонда құлы не айтады Тәңіріне
Көнбеген игі амалға,әміріне
Сауабын ала алмаған мал-жанынның
Артыннан қалғанының керегі не?

Разы болсын ата-анан әр ісіне
Салмашы кірбін мұңды кеудесіне
Разы қылсан өмірлік жұмағынды
Сонда Алла еселейді берерінде

Мал жина,отбасы құр,иманға кел
Садақа бер өзіннең артылса егер
Сауабы көп қой оның түсінші сен
Керемет көрініс қой көзге көрер

Өмір мәні дүние емес ақша емес,
Өткінші сәт оралмайды сағым елес
Уа адамдар тәубеге келейікші
Арзан күлкі ойын-сауық керек емес

Шынға шықсан,даңдайсынып кеуде қақпа,
Талпынған жетеді ғой шың мұратқа
Тәубе етіп,сабырынды сарп етпесен
Күтеді нағыз өмір тек жұмақта

Сөзімді қорытамын осы менен
Тындашы,зейін салшы жүрегінмен
Мендегі арман-мақсат жалғыз ғана
Озамын деп опық жеме тек бәрінен



Пікірлер (1)

Бота

Қандай күшті,мағыналы өлең!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз