Әжем
Түсіме кірдің, жеткізіп бір сөзіңді,
Сұлу бейнең ешкімге тең келмес.
Менің көздеріммен көрсең, сен өзіңді
Тамсанар ең ажарыңа ешкім елемес.
Жүзіңдегі әжім кескін тәріздес,
Шеберлігі ме дедім Алланың.
Ғажапсың, сыр бейнеңнен білінбес
Сағаттар жылжып қалғанын.
Түсімде сол бір, ақ періштедей
Есімде қалды мөлдір көздерің.
Шаштарың жылт етіп ақ күмістей
Гүлге толды басқан әрбір іздерің.
Кезде қолдарыңды ұстаған,
Жылулығы алақаныңның сезілгендей.
Қартайса егер кез келген жан
Қартайсын дер ем дәл өзіңдей.
Рахима
Күшті