Естелiк – Әмірхан Балқыбек

Бұл бетте «Естелiк» атты Әмірхан Балқыбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүректе жазылмас жарасың,
Қайтейiн, қайран жоқ, көнем де.
Деп едiң – ұлы ақын боларсың,
... Құл болып кеттiм мен өлеңге.

Сен маған жерiмдi сүюдi,
Үйреттiң өзiңдi сүйдiрiп.
Үйреттiң ел үшiн күюдi,
Некемдi өлеңмен қидырып.

Тауға да, тасқа да сыр аштым,
Қырлардың гүл демiн жырладым.
Көлдермен хал-жағдай сұрастым,
Белдердiң бөлiстiм сырларын.

Солар ғой өлеңнiң өзегi,
Өндiрдей өлеңнiң өзi де.
Туған жер өлеңнiң өз елi,
Екенiн алдым мен сезiне.

Ақынмын ел бiлген бағасын,
Жаным-ай, көрiпкел ме едiң шын!?
Жүректе сыздаған жарасың,
Көкейден кетпейтiн шерiмсiң.

Азғантай наз да бар бұл менде,
Күлкiлi-ау, әйтсе де күлмегiн.
Менi ақын етудi бiлгенде,
Сүюдi қалайша бiлмедiң?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естелiк өлеңінің авторы кім?

Әмірхан Балқыбек — осы өлеңнің авторы.

Естелiк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Естелiк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әмірхан Балқыбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естелiк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері