Тырналар

Бұл бетте «Тырналар» атты Ажар Ерболған жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күннің жауып көздерін түн қабағы,
Сансыз жұлдыз күзетті бұл қаланы.
Түн ортасы ояндым түсіме еніп,
Топ боп ұшқан ауылдың тырналары.

Сұлу-сұлу тізбектер салатын мың,
Ұға алмастан сырларын қанатыңның,
Ерте келіп, кеш қайтар мен сендерге
Балалықпен өкпе артып қалатынмын.

Гүлдің мөлдір шығындай сол бала күн,
Сырғып түсті жүзінен зор қаланың.
…Кәрі қайың қоштасты шашып алып,
Сап-сары сағыныштың жолға бәрін…

Сағыныштан есі ауып, сұлық қалған,
Тұңғиықта тұнжырап қылықты арман,
Күрең бақта бір досым отырады,
Сары қызға жыр оқып ұмыт қалған…

Сұлу жүзін мұң орап күзде кілең,
Құрбым кеше үмітін үзгенімен,
Ұзақ күткен оның да сағынышын
Сұрасаңыз болады көздерінен.

Тасқа теңеп жүрсек те сұр кеудесін,
Сұр кеудеге күп-күрең күз келгесін,
Бұл қала да біреуді сағынады,
Жылап алып жасырды бізден несін?..

Мендік мұңды мына күз сезінді ме,
Сені көрем, кете барсам көзімді іле.
Күні ертеңгі ойласам сағынышты,
Жек көремін өзімді, өзіңді де.

…Әрбір күзде бақыт та бар, мұңда бар,
Әрбір күн де дәл осындай түнге ауар.
Ал жүрегім сағынып жүр сендерді,
Ерте келіп, кеш қайтатын тырналар!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тырналар өлеңінің авторы кім?

Ажар Ерболған — осы өлеңнің авторы.

Тырналар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тырналар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ажар Ерболған өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тырналар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері