Туған жерге – Ажар Ерболған

Бұл бетте «Туған жерге» атты Ажар Ерболған жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Туған жерім қалды артта балбалдарын құшақтап»
(Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ)

Жусанды бел сөйлетсе қоңыр әнін,
Ой кеміріп батады соңыра күн.
Жалғыздығын сездік пе сол даланың,
Сағыныш-жас жуғанда омырауын.

Жалғыздығы даланың ғасыр көшкен,
Тай-құлынын жоғалтып тасында өскен.
Боз жусанның жұпарын білмейтұғын,
Ұрпақ үшін біздерді кешір, кешсең.

Әр тасында қорғасындай кек тұнған,
Күй-сағыныш бебеулейді көп қырдан.
«Боз даладан бір топырақ бұйырмай
кеткен боздақ қайда жатыр?»,- деп тұрған.

Туған жердің күні сүймей кекілін,
Жат болмысқа бауыр басты бек ұлың.
Ойладық па боздайтынын сағынып,
Кәрі таулар шетел асқан жетімін?!

Толқығанда жаны мөлдір көл-теңіз,
Күн көзінен құлап түсті ерте күз.
Күн көзіндей болар еді ау жеріне,
Жат босаға аттамаса ерке қыз...

Ғасыр тағы қай шешімге бекінді,
Жаныңа дерт әкелді ғой нетүрлі!
Сені бүгін сүйе алдық па, біз пақыр,
Сенің ұлы сағынышың секілді,
О, туған жер...!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерге өлеңінің авторы кім?

Ажар Ерболған — осы өлеңнің авторы.

Туған жерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ажар Ерболған өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері