Талғар ыстық – Айбек Бестенқұлов

Бұл бетте «Талғар ыстық» атты Айбек Бестенқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жанымды жылытпайды жанбағыс түк,
Жүргендігі болмаса алданыш қып.
Кеткім келіп тұрады саған қарай
Талғар ыстық жаныма, Талғар ыстық.

Өйткені онда сен барсың, тау іргеде,
Шыңға қарай жүзетін ауыр кеме.
Сезімдер оттан ыстық деуші едік қой
Жағдайымыз болмады тәуір неге?

Уәде бердің, сендірдің. Кете бардың,
Енді сені көздейді бөтен әркім.
Ойлар мені талайды оңашада,
Жеке қалғым келмейді, жеке қалғым.

Бүгін міне Талғарға тағы келдім,
Баяғы арманыммен әбігермін.
Сені аңсадым жаныма ем болар деп,
Дәрісін керек қылмай дәрігердің.

Ел орнында, кетпепті көшкін басып,
Таныс жермен отырмын кеш мұңдасып.
Сүйгенімен кездескен көшелерін,
Ұмыта алмайды ғой ешбір ғашық.

Білесің ғой мен таудың баласымын,
Дала сырын түсінер, ана сырын.
Күз келгенде үзіліп кете барар,
Жапрағы секілді ағашының.

Ал, жақсы онда, Талғардан барам кетіп,
Менсіз де бұл қалада адам жетік.
Мендегі сағынышты сезіне біл,
Жел арқылы тұратын хабар жетіп.

Иә, рас, Талғар ыстық, үміт таңдар,
Қиялды қолдан елсе, құрықтаңдар.
Бастысы сүйгеніңе апаратын,
Жолдарды ешқашан да ұмытпаңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талғар ыстық өлеңінің авторы кім?

Айбек Бестенқұлов — осы өлеңнің авторы.

Талғар ыстық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талғар ыстық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айбек Бестенқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талғар ыстық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері