Қараш бойында – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Қараш бойында» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1439
Қараштың бойы...
Түн мөлдір.
Бар ма еді жұлдыз?
Жоқ па еді?
Маздаған жалын...
Ойда тұр.
Жүректе ме еді?
От па еді?
Ұмыттым ұзақ жылдардың
Артында қалды көміліп.
Тек қана маздап жанған от
Әлі тұр көзге көрініп.
Әлі тұр Қараш бойында,
Әлі тұр менің ойымда,
Құлақта салған әнің тұр,
Жүректе жанған жалын тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараш бойында өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Қараш бойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараш бойында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараш бойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері