Әкелерге арнау

Бұл бетте «Әкелерге арнау» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2016
  • 0
  • 3
  • 19795
Өмір жолдың болса да көп астары,
Әкелермен биік елдің аспаны.
Қашанда да құрмет тұтқан аналар
Шаңырақтың иесі олар, бастауы.

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

Күрескендер ұрпағының бағы үшін,
Серік етіп болмысына ар ісін.
Көлеңкесін түсірсе де кейде өмір,
Түсірмеген ерге лайық намысын.

Қиындыққа төзімменен көнгенсің,
Іздемей-ақ ұсақ-түйек елден сын.
Дауға түссе шешендікпен шиырлар
Билер құсап бітім айтқан сендерсің.

Бата берер ұрпағына бақ ашар,
Қастерлі сөз қасиетіне кім таласар.
Әулетіне үлгі болып отырды
Тұғырдағы қырандай боп қара шал.

Сан жадырап түссе еске жастығы,
Бастан өткен тоқтығы да, аштығы.
Солар салған ізгілікті сүрлеумен
Жалғасады бүгінгі ұрпақ дәстүрі.

Ана жүзден мейірім болып күлді күн,
Ұғынса әке қабақтағы кірбіңін.
Әке жайлы мақтан айтып қыздары,
Соларға ұқсап келеді өсіп ұл бүгін.

Солар жайлы болса кейде жыр басы,
Дейді ме әке ұрпаққа сыр тыңдашы.
Өзгерсе де уақыттың сан өрнегі,
Аласармас Әкелердің тұлғасы!


Пікірлер (3)

Берік Айгүлұлы

Керемет өлең шумақтары маған ұнады

Өлендер

Ракеталық
Ащ

Өлендер

Алғыз хат

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкелерге арнау өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Әкелерге арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкелерге арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкелерге арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері