Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн

Бұл бетте «Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн,
Өзегімді өртейді сағыныштай жалғыз мұң.
Көшіңді жолда қалдырмас, қажыры бекем нар қызбын,
Жанына дауа кім табар,
Жатбауыр болған жалғыздың.

Түннің қара шуалшаң етегіндей түрілген,
Үкі болып тіл қатам тәңіріме уілмен.
Үмітімді өңгеріп үнсіздікке жұтылам,
Сырымды айтып шағынып, құшақтасам іңірмен.

Айдың сүйіп ажарын, жұлдыздарға тамсандым,
Сұлулықты жыр етіп, бар әлемге жар салдым.
Жүрегіме жинап ап бар махаббат жылуды,
Тебірене теңселіп әдемі бір ән салдым.

Шөліркеймін кей шақтар, ой өлкесін кеземін,
Сыздап кейде жүрегім өртенгенде өзегім.
Қарсы жүзем ағысқа, дауылды да елемей,
Буырқанған тірліктің кешіп өтіп өзенін.

Көкжиекке қызарып сіңіп кетті қарбыз күн,
Өзегімді өртейді сағыныштай жалғыз мұң,
Көшіңді жолда қалдырмас, қажыры бекем нар қызбын,
Жанына дауа таба алмай, жатбауыр болған жалғызбын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері