Өлең, жыр, ақындар

Гүлжансың - ау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2880
Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Тынымы жоқ бір жансың,
Таңмен бірге сайрайсың,
Егінде де, шөпте де,
Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Ойын-тойда думансың,
Тым ерекше туғансың.
Дала боран,
шулайды орман —
Бар денемді қарлы құйын орайды,
Зарлайды жел, шулатады тоғайды.
Тіл қатпаймын, бас имеймін табынып,
От басында отырмаймын қамығып.
Есікті ашып алыс жолға жүремін,
Ақ боранның құшағына кіремін.
Тоқта дейді соққылайды жетектеп,
Әмірімді бұзған қандай тентек деп,
Тоқтамаймын!
Ілгері аттай беремін,
Сапар алыс,
Әлі жүріп келемін.
— Ей, туған жер, туған жер!
Үкілі орман, асқар бел,
Аққу қазды айдын көл,
Көгілдір аспан жібек жел,
Көрікті колхоз — туған ел.
— Е, туған жер, сен рахат.
Сенен өзге маған жат.
Сенде ғана көңілім шат,
Тілмемен басқа марқабат,
Сен қымбат маған, сен қымбат!
Қарақат көз құралайым!
Қуанышпен келерсің.
Мені сүйген жүрісіңмен құшағыма енерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлжансың - ау өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Гүлжансың - ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Гүлжансың - ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлжансың - ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері