Керегі жоқ алтынның – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Керегі жоқ алтынның» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4543
Керегі жоқ алтынның,
Күмістің де.
Өніп жатса болғаны жұмыс күнде.
Бірақ кейде
Көргенде бөбектерді
Ойнағым кеп кетеді құм үстінде.
Аптап ыстық сәл ғана түсті іңірде.
Аптап, ұйқы жанымды қысты бірге.
Жолаушыдай
Сол кезде
Ат шалдырған
Жатып алғым келеді скверде.
Есепті өттім мектепте,
Әріпті өттім.
Өмірімді өнермен көрікті еттім.
Шуылдаған жастарды көрген кезде
Келеді де тұрады еріп кеткім.
Өзім сырым өзіме анық-айқын.
Бір күнім жоқ жігерді жанымайтын.
Айтқым келіп тұрады сұлулығын
Тоқтатып ап сұлуды танымайтын.
Тие қоймас септігі бай мұраның.
Жұбатады адамды қай құраның?!
Маған зиян келтірген адамның да
Өліміне шынымен қайғырамын.
Бір-ақ сөзден қабырғам сылынады.
Бір-ақ сөзден жүрегім жылынады.
Бірақ менің мұнымды кім түсініп,
Бірақ менің мұңымды кім ұғады?!
Осылаймын,
Солай ем кеше де мен.
Талай-талай өртеніп өшеді өлең.
Бірақ бәрін жасырып,
Сұп-сұр болып
Кетіп бара жатамын көшеменен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керегі жоқ алтынның өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Керегі жоқ алтынның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керегі жоқ алтынның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керегі жоқ алтынның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері