Өткен – аяулы

Бұл бетте «Өткен – аяулы» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өткенді мақтар әр адам,
Білмеймін, өткен алтын ба?
Болмаса, мақтау өткенді
Адамзаттың салты ма?
Қариялар отырып,
Баяғыны мақтайды.
Желкілдеген жас заман
Оларға тіпті-ақ жақпайды.
Заң да болған соларда
Тура, әділ, жақсы да,
Аспаннан пері түсірген
Ғайыпты болжар бақсы да.
«Өткен артық» дер адам,
Шеше де өлген баласын
Аузынан, сөйлеп, тастамас,
Көз ішінде қарасын.
Қылықты да, тәтті де,
Ақылды да ол бала.
Екі жасар күнінде
Пәлен деген – ол дана.
Жалғаны жоқ, адамнан
Жаңаны мақтар санаулы.
Не дұрыс шығар, не теріс,
Әйтеуір, өткен – аяулы.


Пікірлер (1)

Альмира

Өлең өте ұнады,тез жаттап алдық

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен – аяулы өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Өткен – аяулы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен – аяулы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен – аяулы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері