Жұмбақ – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Жұмбақ» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сап-сары бел,
Еседі жел,
Еседі.
Еседі жел,
Көшеді ел,
Көшеді.
Дала бұйық,
Бала тұйық –
Екі үнсіз.
Дала – жұмбақ,
Бала – жұмбақ
Шешусіз.
Сап-сары бел,
Еседі жел,
Жел есед.
Дала – жұмбақ,
Бала – жұмбақ,
Кім шешед?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері