Ең үлкен байлық – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Ең үлкен байлық» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Түрік ертегісі ізімен)
Ерте-ерте ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Болған ертек айтайын
Өзіміздің өлкеде.
Күнді түнге жалғады,
Түнді күнге жалғады.
Түнде ұйықтай алмады.
Мұрат деген баланың
Бай болу-бар арманы.
Ойы маза бермеді,
Кеудесін жел кернеді.
Қолын бірде сермеді.
Сермеп:
– Шіркін, керемет,
Бай болсам ғой мен! – деді.
Естіп мұны бір кісі:
– Бай боласың сен, – деді –
Бір көзіңді бер! – деді.
«Қалай қиып беремін?!»,
Тұла-бойы терледі.
– Онда аяғың керегім,
Бірін маған бер!-деді.
Өзгеріп түр-түсі де,
Кетіп бойдан күші де,
Шошып сосын:
– Бермеймін! –
Деді ол əлгі кісіге.
– Байлыққа ашам жолыңды,
Жүресің кіл көңілді, –
Деді кісі:
– Маған сен
Бер онда бір қолыңды!
«Сөз бе екен бұл орынды,
Берем қалай қолымды?!»
Қолын беру Мұратқа
Мүлде үрейлі көрінді.
Қорқынышты жан-жағы,
Мұрат үндей алмады.
Үш мүшесін сұраған
Кісі сөзін жалғады:
– Екі көзің – шырағың,
Екі аяғың – пырағың.
Екі қолың – құралың, –
Деді ол енді күлімдеп,
– Сенен жорта сұрадым.
Ең зор байлық өмірде –
Денсаулығың, шырағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең үлкен байлық өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Ең үлкен байлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ең үлкен байлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ең үлкен байлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері