О, ғажайып!

Бұл бетте «О, ғажайып!» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2834
О, ғажайып!
Мына күннің қызуына жылынып,
Көкірегімде көбейеді күннен-күнге бұл үміт.
Сол бір үміт Отаныма сүйене кеп туады,
Жылытқанда жердің төсін махаббаттың шуағы.

Әрбір күні мезгілімнің туып жатса ту ала,
Әрбір көңіл күй тумас па, жыр тумас па қуана.
Сол қуаныш – бұл ғасырдың жүзіндегі алауы,
Сол қуаныш – біздің қолдың көтеретін жалауы.

Сол жалауды алып ұшты, ұшты кеме – жас арман,
Ол – Көкірек түкпірінде махаббаттан жасалған...
Біздің данқ-мұқитына көмілді жау күңкілі,
Кремльдің оттарының қадалғанда кірпігі!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, ғажайып! өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

О, ғажайып! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, ғажайып! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, ғажайып! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері