Көк серке – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Көк серке» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ертеде, өте ертеде,
Ешкінің жүні бөртеде
Болған ғой тұлпар, сұңқар да,
Қой бастар не бір серке де.
Бір аңыз айтып берейін
Бимəлім біздің өлкеге:
Даланың əнші сыршылы
Сайрайды сары шымшығы.
Жарқырайды, əне, моншақ боп
Кеппеген таңғы гүл шығы.
Сұлу ғып көктем көкті де,
Сəн қосқан таудың көркіне–
Бір шыңы– тұлпар, бір шыңы–
Ұқсайды қыздың бөркіне.
Тұрғанда қойшы сүйініп,

Қара бұлт шықты түйіліп.
Жел соқты алай-түлей боп,
Қиыршық құмды үйіріп.
Жаяулап қойшы жүгірді
Алмақ боп қойын иіріп.
Бөлінді қойлар екіге,
Бағынбай қойшы еркіне.
Жүгірді ана шетіне,
Жүгірді мына шетіне,
Қайыру берер түрі жоқ,
Бытырай қашты бетіне.
Жете алмай əбден алқынды,
«Аймүйіз» деушем атыңды,
Едің ғой, серкем, ақылды», –
Деді де ол, сосын қой бастар
Серкесін былай шақырды:
«Қойларым мына бопты ерке,
Құрқой-ау, құрқой, көк серке,
Құтқара көрші, көк серке,
Құт ала келші, көк серке.
Қойларым, құрқой, көк серке,
Тыңдамай тұр ғой, көк серке.
Оң жақта жүр ғой, көк серке,
Сол жақта жүр ғой, көк серке».
Көк серке қойып басқаны,
Қойларды иіре бастады.
Ай мүйізімен айбатты

Қорқытты, бірін жасқады.
Көк серкеге олар үйренген,
Бытырап, үркіп қашпады.
Айласы оның көп еді,
Төменге жүйткіп жөнеді.
Қойлардың бəрі маңырап
Соңынан еріп келеді.
Күйшілер осы дыбысты
Күй етіп сосын төгеді.
Аға да оны тартыпты,
Бала да оны тартыпты.
Сол күймен таң да атыпты,
Сол күймен күн де батыпты.
« Көк серке» күйі жайлаудың
Көгінде сөйтіп қалқыпты.
Тыңдаған тау-тас балқыпты,
Өзендер, көлдер толқындап,
Арнасын теуіп шалқыпты.
Қойшы да
Бай ат мінгізіп,
Болыпты дейді бақытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк серке өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Көк серке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк серке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк серке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері