Нағыз – Төлеген Құмарұлы

Бұл бетте «Нағыз» атты Төлеген Құмарұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аттан сап жауға шапса бəрі батыр,
Жауына төндірген соң заман ақыр.
Еш уақыт досын жауға тастамайтын,
Шығады мыңнан біреу нағыз батыр.

Кеңеске ілінгеннің бəрі шешен,
Онда да жүргендер бар аман-есен.
Сөздері тарихпен бір жасаған,
Өлмеген ел аузында нағыз шешен.

Ғылымды игергенсоң бәрі ғалым,
Бұл өзі қай қоғамда болған мəлім.
Ойынан тың тапқырлық тапқырлайтын,
Солардың мыңнан бірі нағыз ғалым.

Бəйгеге қосылғанның бəрі жүйрік,
Бəрінің құйрық, жалын өріп, түйдік.
Көмбеден шыға салып қара үздіріп,
Жүлде алған топтан озып нағыз жүйрік.

Түлкі алғансоң атанар бүркіт қыран,
Белгісін білу қиын тілсім сырдан.
Баптамай қара жерден қасқыр алған,
Кезігер некен-саяқ нағыз қыран.

Баласы адамзаттың бəрі сұлу,
Жүзімен тарқата алмас бойға жылу.
Жігіттер іш пен сырты бірдей болса,
Атаңдар осындай жанды нағыз сұлу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нағыз өлеңінің авторы кім?

Төлеген Құмарұлы — осы өлеңнің авторы.

Нағыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нағыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Құмарұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нағыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері