Жаздың бір әсем кешінде – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жаздың бір әсем кешінде» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 3
  • 5644
Жаздың бір әсем кешінде,
Сарыағаш бағы есімде.
Дірілдеп аппақ саусағың,
Келе алмай тұрдың шешімге.
Хабарласпадың, арайлым,
Почтаға күнде караймын.
Елігім едің сен менің,
Еркесі едің Бабайдың*.
Жылуыменен хаттардың
Алматы жаққа аттандым.
Қинады мені, қинады,
Жанарындағы жатқан мұң.
Жырменен жолдар астасып,
Вагондар, сырлас досқа асық.
Тамбурда кеттім егіліп,
Түркістан қалды қоштасып...


Пікірлер (3)

Индира

Ақын мырзамыз өлеңдеріңіз керемет.беріліп оқып отырып,кешкі астың тұзын көп салып қойыппын.

нургуль

олендери жаксы, бир сухатында бергенде, айтылган соз, мен катты ойландырды

Анар Рахымжанова

Жақсы өлең, ұнады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаздың бір әсем кешінде өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жаздың бір әсем кешінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаздың бір әсем кешінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаздың бір әсем кешінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері