Қайран әжем – Нұрай Бақыт

Бұл бетте «Қайран әжем» атты Нұрай Бақыт жазған әже туралы өлең берілген.

Әне міне дегенше
Аласапыран күн өтті
Сенің әжім бейнеңді
Көрмегелі жыл өтті

Түсіме енген бейнеңді
Ойлап әркез тапжылмай
Сағынып та отырам
Күнмен бірге ай санай

Өмір деген айдыннан
Кездеспессің ендігі
Жүректегі қайғымнан
Жұбатпассың мендегі

Аңсауменен жүрмін-ау
Бала дәурен, жас шақты
Ойлауменен болдым-ау
Басыңдағы ақ шашты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар