Өлең, жыр, ақындар

Ғашық болдым

Ғашық болдым жанарына көзіңнің,
Сұлулығын сезінемін сөзіңнің.
Сылдыр үнің өн бойымды тербейді,
Күндіз түні ойлайтыным өзіңсің.

Ғашық болдым көзіңнің қиығына,
Жүзіңнің қара - қоңыр тұйығына.
Бір көргеннен, өмірімде бірінші рет,
Сезімнің түсіп қалдым қиынына.

Ғашық болдым ерніңе шиелердей,
Тәніме тәнің жақын келе бергей.
Көп құстар ішіндегі ақ аққуым,
Тезірек бір болайық жүре бермей.

Сенсіз менің жүрегім қуарады,
Жүрегің жүрегімді суарады.
Сені құшағыма алған сәтте,
Бойыма жылы, тәтті у барады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар