Сабыр – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Сабыр» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалаға ол алғаш барғанда,
Түнде таң жылдам атпады.
Оңаша, жалғыз қалғанда,
Ұясына күн батпады.
Табылды іні, аға да,
Жолдас та жаңа табылды.
Сонда да қарап далаға,
Ауылын Мұрат сағынды.
Сағындырды ата-анасы,
Сағындырды оны мектебі.
Сабырлылығын қарашы,
Қаладан қашып кетпеді.
Сыйлай біледі ол адамды,
Етеді қазір бəрі үлгі.
Өйткені Мұрат табанды,
Салмақты, озат, сабырлы!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері