Ғашық болдым қараның сұлуына
Ғашық болдым қараның сұлуына,
Жол бермеймін сезімнің сууына.
Құшағын құшағыммен қысқан сәтте,
Бөлендім нәзік, тәтті жылуына.
Саған деген сезімім дамылдасын,
Жүрегің жүрегімді қабылдасын.
Сен дегенде жүрегім оттай маздап,
Сен деп соққан жүрегім жалындасын.
Ғашық болдым көзінің жанарына,
Таңқалдым пәктігіне, тән арына.
Бір сәтке мен тыңдадым жүрегімді,
Иландым жүрегімнің барарына.
Сен менің түнімдесің, күнімдесің,
Сен менің сылдырлаған үнімдесің.
Ояттың жүректегі махабатты,
Күн жүзің күнге қарап күлімдесін.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі