Өлең, жыр, ақындар

Қайдасың

Сұлуым іздеп жүрген қайдасың,
Мүмкін жер, мүмкін аспан айдасың?
Таба алмай дала кезіп жүргенде,
Жүрмесін көріп басқа пайдасын.

Жүресің елес болып ойымда,
Тулайды от ұшқыны бойымда.
Барсың ба, әлде жоқсың өмірде,
Жүректі әуре қылма, мойында.

Жүрегім бір жылуды сезеді,
Сезгенде бар әлемді кезеді.
Тапбаспын, деген сөздер түседі,
Жанымды жаман ойлар езеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз