Өлең, жыр, ақындар

Махаббат туралы

Сұлу өлке әсем ауыл баурайында,
Тал бойында бір міні жоқ қыз бар екен.
Жүрегіңді көздеріммен баурайын да,
Ғашық болған жан жүрегім сыздар мекен.

Ойлай берем, бойлай берем көздеріңе,
Пәк жүректер бір-бірімен тартылысты.
Ғашық болдым жаным деген сөздеріңе,
Махаббатым артқан сайын артылысты.

Еліктірген әппәқ жүзі сондай сұлу,
Аңсап тұрам, сағынамын, армандаймын.
Бұл әлемде жоқтың қасы ондай сұлу,
Сол адамға шын ғашық боп қалғандаймын.

Махаббаттың аспанында қалықтаймын,
Аққу құсым, қызыл гүлім деп балардай.
Қалықтаймын, қалықтаудан жалықпаймын,
Сүйгенімнің дәл жанына кеп алардай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз