Алпыс бесте «Балдырған» – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Алпыс бесте «Балдырған»» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әр санына бал сіңген,
Асуды асқан «Балдырған».
Талай тақпақ, ән-күйден
Шашу шашқан «Балдырған».

Бүлдіршінге талантты
Бата берген «Балдырған».
Тал бойына қанатты
Мақал өрген «Балдырған».

Жырдың кесіп тұсауын,
Әр күн өпкен «Балдырған».
Жайып достық құшағын,
Тәрбие еккен «Балдырған».

Бүлдіршін деп соншама,
Жаны қалмас «Балдырған».
Алпыс беске толса да,
Әлі жап-жас «Балдырған».

Қол созады шыңдарға,
Сан самғайды «Балдырған».
Оқырманы тұрғанда,
Қартаймайды «Балдырған»!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері