Өлең, жыр, ақындар

Өсиет

Барды дамыт, жоғыңды қуалама,
Қалып қойған топ жарып ту ала ма?
Қалма көштен, жаңа заман бойыменен,
Анашың әлсіз болсаң қуана ма?

Дарыныңды ешқашан бұғып талма,
Өміріңе пышақты сұғып қалма.
Өмірде дұрыс жолды таңдай білгін,
Тулап тұрған құлқыңа құрық салма.

Көре алмас жоғары беттегенді,
Өздері жетістікке жетпегенді.
Сөз елдікі, сенікі өмір сүріп жүрген,
Тыңдап жүргін жақсылық ет дегенді.

Түсірме көңіліңді сынақтарға,
Жауап бер ойыңдағы сұрақтарға.
Өз өзіңді түсінгін байыппенен,
Жақын емес жаныңа сыр ақтарма.

Еңбек баста миыңмен сараланып,
Жүрегің бара жатыр қараланып.
Көзіңді аш не боп жатыр айналаңда,
Көре білсең өсесің дараланып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер