Төртінші суайт (І) – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Төртінші суайт (І)» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Оқырманы піл кілең,
Өткерген жүз ғасырды.
Бір кітапты сілкіп ем,
Нүкте, үтір шашылды.

Сүйемелдеп кекілік,
Хор айтқанда боталар,
Қуанғаннан секіріп,
Билеп кеті ноталар.

Ине қылып сүйменді,
Жіпше иіріп жалбызды.
Орнына түймемнің
Қададым мен қарбызды.

Көп қой менің күшім де,
Буды аяқпен таптадым.
Тоңазытқыш ішінде
Қызыл шоқты сақтадым.

Бір үйірін жылқының,
Жол дорбама қамадым.
Көлеңкемнің жыртығын
Ай нұрымен жамадым.

Көргеннен соң көзімен,
Жұрттың бәрі таң қалды.
Күннің көлеңкесімен
Саптадым мен балғамды.

Бір тынбаймын, мен ертең,
Сеніңіздер сөзіме.
Билет сатса көлеңкем,
Концерт қоям өзіме.

Ұшып жүрген бүркіттен,
Арлан қасқыр қарғыды.
Қисық-қисық мылтықпен
Дәл көздедім әлгіні.

Ерте игердім ғылымды,
Суды сығып жуа алдым.
Шөлдеген бір шілімді
Көз жасыммен суардым.

Тышқанды ерттеп алдым да,
Қайырдым мың жылқыны.
Мұзға сүйкеп қалдым да
Тұтандырдым шырпыны.

Жүз мың өрме қамшыны,
Досыма әкеп сыйладым.
Күннен түскен тамшыны,
Елгезермен жинадым

Аяз күні тоңып піл,
Саңылаумен үйге енді.
Мен кенеттен қорықтым,
Пана қылып түймемді.

Тамақ ішпей тоғыз күн,
Тәтті әуенге бойладым.
Ысқышымен қобыздың
Күйсандықта ойнадым.

Сұмдықтың да түрі бар,
Болған шақта таң алды,
Тонап кетті ұрылар
Тыр жалаңаш адамды.

Жатып алып жайланып,
Не келсе де қылғыған.
Өзіне-өзі байланып,
Өліп қалды бір жылан.

Кеше түнде інгенім
Шоқты жұтып, шайнады.
Ал сонан соң білгенім,
Қарын суы қайнады.

Ертеңгілік тың күшпен,
Тәсіл тауып сан түрлі.
Қылға кір қыстырғышпен
Іліп қойдым нән пілді.

Күндіз-түні жасырып,
Айға сүртіп көз жасын.
Қолтырауын ашығып,
Жұтып қойды өз басын.

Тақтаға ұзақ бөгеліп,
Мұз суретін салып ем.
Күн шілдеде ол еріп,
Айрылдым мен бәрінен.

Мұндайлардың көзін бақ,
Жаман екен ырымы –
Өз киімін өзі ұрлап,
Ұсталыпты бір ұры.

Сот алдына шығарып,
Айыпты деп қабанды.
Ертіп кетті куә қып,
Біреу өлген адамды.

Мұзтаудан, күн күйдірген,
Таптым жылан сүйегін.
Ешкі сүтін құйдым мен,
Желініне түйенің.

Менің қандай кең өлкем,
Шаптым мініп қаязға.*
Бірақ тасып көлеңкем,
Төгілгені аязда.

Кенгуруды бақтым да,
Салып қойдым тымаққа.
Шырпы дәнін жақтым да
Жалау қылдым бір апта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төртінші суайт (І) өлеңінің авторы кім?

Көмек Ыбрайұлы — осы өлеңнің авторы.

Төртінші суайт (І) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төртінші суайт (І) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Көмек Ыбрайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төртінші суайт (І) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері