Асан мен Хасан – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Асан мен Хасан» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4999
Білген адам Асанды,
Білген адам Хасанды
Екеуінің достығын
Дей алмайды жасанды.
Олар бірге ойнайды,
Олар бірге ойлайды.
Мерекені, мейрамды
Бәрін бірге тойлайды.
Бірге ішеді тамақты,
Бірге оқиды сабақты.
Бірге күліп жадырап,
Бір түйеді қабақты.
Ынтымақты, тірлікті
Бұл екеуі бір мықты.
Сабақтан да бір қалып,
Бірге алады «бірлікті»!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері