Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр,
Ызыңдайды ми шиырлап мазаң жыр.
Мына өмірдің ардың-күрдің кейпіне,
Мысы құрып жүйкем менің азар жүр.
Шибөрі көп, маң төбетке талаңғыр,
Өтіріктер күл-бүлтесіз, жалаң жүр.
Бәйгелер бар кім келері белгілі,
Тақым жазып тексерілмес шамаң бір!
Шама-шарқың ескерілмес заман бұл,
Заман болды пысықайлар төр аңдыр.
Арсыздардың мазағы боп адал жүр,
Мың кісіге бастық болып надан жүр!
Оларды айтып жазғың келмес жаман жыр,
Оны жазсаң кеудең күңгірт, қалам кір.
Он жолыққан шыдата ма озбырлық,
Шындықты айтып, шер тарқатып алам бір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Жетпісқалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері