Өкпеліміз кеш оралған көктемге – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Өкпеліміз кеш оралған көктемге» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Екеуміз де қол созамыз көктерге,
Мұңаямыз құстар ұшып өткенде.
Екеуміз де толған айға ғашықпыз,
Өкпеліміз кеш оралған көктемге.
Леп ізімен жүзіп барад әр қайық,
Жетер енді, жылы жаққа самғайық.
Екеуміз де күз келгенде жалғызбыз,
Сағынамыз жапырақтай сарғайып.
Жапырақтай сезімдерді тона күз!
Күзден ұштық енді қайда қонамыз?
Екеуміз де ұнатамыз балмұздақ ,
Балмұздақтай жүректерден тоңамыз.
Көктем қазір...
Кеуделерде тірі күз,
Менің аппақ әлеміме кіріңіз.
Екеуміз де өле сүйген ғашықпыз,
Қинайтұғын бірімізді біріміз.
Таң келеді, етегін түн жия алмай,
Біздің ғажап сағынышты қия алмай.
Тәкаппармыз, танып тұрып танымай,
Сүйіп тұрып, жек көреміз ұялмай.
Мың жыл уақыт сарғайған хат бұл күзден,
Жапырақ қыз құсқа еріп жүр бізбен.
Екеуміз де мұңдасамыз қайыңмен,
Сырласамыз сыбыр-сыбыр жұлдызбен.
Шақырады қарындасын жел, енді,
Қашқақтамай құшағыма кел, енді.
Түнгі лептен естиікші әуенді,
Жапырақтан оқиықшы өлеңді.

Бетінде Ай, Аспан деген меңді қыз,
Сол аруға сыр айтамыз енді біз.
Балконыңнан қол бұлғайсың тағы да,
Кел дейсің бе?
Қош дейсің бе?
Белгісіз...
Екеуміз де қол созамыз көктерге,
Мұңаямыз құстар ұшып өткенде.
Екеуміз де толған Айға ғашықпыз,
Өкпеліміз кеш оралған көктемге.


Пікірлер (1)

Данияр ибраев

Ботама шығарған өлеңім!

Көзің сенің айдың нұры жаралған,
Күміс күлкі күннен сәуле таралған.
Ешқашанда күлкі кетпес жүзіңнен,
Сонда жатыр қылықтыда бал арман.

Күлсең егер есің шығып күлесің,
Мұңайсаң егер іштей тынып бүгесің.
Сен ешқашан сөнбеші тек жұлдызым,
Өзім кепіл жүз жыл өмір сүресің.

Сәл қуансам қуанасың күлімдеп,
Сәл мұңайсам жұбатасың күнім деп.
Қйындықта жабырқайтын менімен,
Сүйіп өтем сені мәңгі гүлім деп!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпеліміз кеш оралған көктемге өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Өкпеліміз кеш оралған көктемге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпеліміз кеш оралған көктемге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпеліміз кеш оралған көктемге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері