Ұйқысыз түн – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Ұйқысыз түн» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ пен пәкке ұмтылады жан, арым да,
Ойланбадым мұңнан көрпе жабарымда.
Қайтем енді, жоғалттым ғой мен өзімді,
Күзгі бақта, қоңыр қыздың жанарында.
Сәлем, аспан! Арызым бар көктегі Айға!
Жылу күтем бір жолаушы өткен бойда.
Мен келемін сұрқай күзде тұнжыраңқы,
Сен айтқансың келеді деп...
Көктем қайда?
Сүюші едің бұл ғаламда күнді, мені,
Есетұғын сағыныштың түнгі лебі.
Бізді тағдыр қосқан, бөлген аялдама,
Мен жалғызбын...
Күтіп тұрмын кімді, нені?..
Нұр жинайды ақ төсіне мұңнан Ай тек,
Сұрай көрме бүгін менен күн қандай деп.
Мен...
Ескі үй...
Қараңғылық суық құшқан,
Жұдырық қан...
Көзімде жас...
Сынған әйнек...
Бет жүзімді жуып жатыр сұйық қайғым,
Сұлық кеуде тоңа берді. Суық па-ай түн?
Жүрегімді тырнамашы, түн қайғысы!
Қойшы бәрін...
Шаршадым мен, ұйықтаймын.
Ұйықтай алсам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқысыз түн өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұйқысыз түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқысыз түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқысыз түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері