Өзіңді жоғалтпа – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Өзіңді жоғалтпа» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Таңдай алмай келем әлі бір жолды,
Тамыр-тармақ таңдар жолдар сыр болды.
Бала шақта сыртқы бетім кір болса,
Өскен шақта ішкі бетім кір болды.
Жарық іздеп жүрсең шығар Күн алдан,
Тау үстінен жарқырауға құмар таң.
Бала шақтың түйіскені бұл шақпен,
Әлі күнге биіктікке құмартам.
Ерте жүрем бала шақты қасыма,
Жастанамын қиял ойды басыма.
Бала кезде жер тасына құласам,
Құлап жүрмін қазір тағдыр тасына.
Адалдықты іздеп шықтым бөктерге,
Таппай, іздеп ерік бердім көп терге.
Жасыл қырда бар надандық, адалдық,
Тікендер бар араласқан шөптерге.
Шуақ шашар өміріңе құрақ таң,
Төбемізден табылмастай сыр асқан.
Мың әлемді мекендеген, мың жерді,
Мың жұлдыздың жанатыны бір аспан.
Қара шашты қара мұңмен ағартпа,
Алда үміт, алда арман, жоқ артта.
Өмір сені жоғалтады бір күні,
Сен өзіңді, тек өзіңді жоғалтпа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді жоғалтпа өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді жоғалтпа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңді жоғалтпа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді жоғалтпа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері