Біз қоштасқан күз – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Біз қоштасқан күз» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жыламашы жетім қайың, жесір күз,
Жек көрмеші, болдық неге, кесір біз!?
Кешір мені жапырақ қыз, қайың қыз...
Кешір мені, Ай мен жұлдыз, кешір күз!
Айдың шашын мұң тарағы тарап ал,
Ай айнадан мұң жүзімді қарап ал...
Көктем саған сыйлар еді гүл көйлек,
Күз сыйлады жапырақтан орамал...
Жалғыздыққа, ақ тұманға таң көнді,
Көзіңнен нұр, терезеңнен шам сөнді.
Жүрегімде суретің бар ескірген...
Төс – альбомым мұңға толды, шаң көмді...
Таңға таяу ораламыз жерге біз,
Іңір сайын шомыламыз шерге біз.
Ымырт түссе мені есіңе салатын,
Сәлем айтшы терезеңе пердесіз...
Күз тек бізді түсінгенде, менсінген,
Қабағыңа қайғы деген мең сіңген.
Неге, неге мұңаяды, жылайды..?
Трамвайдың терезесі сен мінген...
Самғай бер, ұш, көктем саған жақса егер!
Енді ұшқан қанатыңды жақсы игер.
Сені менен бара жатыр әкетіп,
Трамвайлар, автобустар, таксилер...

Көздің жасы толы бокал ішіле,
Кіріп шықтым жүрегіңе, ішіңе...
Сүңгіп кетсем жүрегіңнің түбіне...
Батып кетсем жанарыңның ішіне...
Тоңған сезім, кеудемдегі мұз теңіз,
Қабырғамның жапырағын үзбеңіз.
Күліп тұрып танысқанбыз көктемде,
Жылап тұрып қоштасқанбыз күзде біз...
Сүріндік біз басқан сайын жәй қадам,
Сенің ғана жүрегіңнен жай табам...
Қалса егер тағдырымыз түйісіп,
Танысайық...
Қоштасайық қайтадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз қоштасқан күз өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Біз қоштасқан күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз қоштасқан күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Біз қоштасқан күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері