Ғасыр, Ғасыр!

Бұл бетте «Ғасыр, Ғасыр!» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 793
Ғасыр, Ғасыр!
Ит тірлікті сапырған,
Көкейіңде
Ұйып қалған жатыр қан.
Жүзжылдықта жанкештілік
Кештік біз,
Болды талай
Арыстандар ақырған.
Жинап жүрміз жақсылықты там-тұмдап,
Мейірімге
Өгейсінген халқым хат.
Озбырлығы талайлардың өлтірді,
Хайуандар –
Тақ мінгендер алтындап.
Келеді әрең,
Ілбіп басып шерлі елім,
Шапан етіп жамылыпты жөргегін.
Марқасқалар маңып кетті,
Мандымай,
Кісеннен соң дайын тұрды көр, кебін.
Жезтырнақтар салды аямай
Шеңгелін,
Тарттық соның залалының ең көбін.
«Кемелденген» кезімізді көрмек боп,
бекер босқа зая кетті
еңбегің.
Аянышты,
Қарап тұрсаң қайғылы,
Әлдекімнің асқақтайды
Айдыны.
Кәрі ғасыр
Таяққа тұр сүйеніп,
Жақын қалған тоқалының
Ай-күні.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғасыр, Ғасыр! өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғасыр, Ғасыр! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғасыр, Ғасыр! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғасыр, Ғасыр! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері