Қол бұлғаймын достарыма көктегі

Бұл бетте «Қол бұлғаймын достарыма көктегі» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қол бұлғаймын достарыма көктегі,
Құс біткеннің бәрі маған өкпелі.
Өкпелеңдер, мейлің, мейлің ренжіңдер,
Жат көрмеңдер, жеккөрмеңдер тек мені.
Қалай күлем кірпігімде мұз барда,
Қолтығымнан демейді кеп жүз қарға.
«Ұшамын» деп, уәде бергем былтыр мен,
Қанаты бар бақытты анау құстарға.
Жапыраққа сыбырлаған жел еді,
Сарғайды ғой, біледі ғой өледі...
Жапырақ боп құлап кеткім келеді,
Қарлығаш боп ұшып кеткім келеді...
Жүрегімде бақ пен қайғы астасып,
Жаныма гүл, мінезіме тас ғашық.
Жұбатады жапырақтар сипалап,
Жылатады жапырақтар қоштасып...
Көктем күтіп, күзім мені шақырад,
Ғұмырым бар: аспан және топырақ.
Сенесің бе?
Оу, көктемім, құстарым!
Жаным күзде, қауырсыным — жапырақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қол бұлғаймын достарыма көктегі өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Қол бұлғаймын достарыма көктегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қол бұлғаймын достарыма көктегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қол бұлғаймын достарыма көктегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері