Бүгін көпшілікпен сенбілікке шықтым – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Бүгін көпшілікпен сенбілікке шықтым» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бүгін көпшілікпен сенбілікке шықтым.
Қураған бұтақтарды тасыдық,
жапырақтарды сыпырдық...
Сонда, алғаш ақылыма келгені:
«Біздің де
шыбықтай – сүйегімізді тасып,
жапырақтай – тәнімізді сыпаратындар
табылады», - деген ой болды.
Бұтақтарды –
табыттай иығымызда көтердік,
жапырақтарды –
кебіндей мүшекке орадық...
Ертеде осы
тасылмаған шыбықтар мен
сыпырылмаған жапырақтардың
тілі – самал,
дауысы – сыбдыры болатын...
Олар сонда күнұзақ хормен:
«Күнді жұта-жұта күн боламыз...»
деп сыңсып жатып көз ілетін.
Ақыры, жапырақтарды, мінеки, күн жұтып тынды.
Күн де – аспан-бәйтерегінің сарғайған жапырағы,
Уақыт келгенде,
ол да пәнидің «сенбілігінде» сыпыралады.
Әлгі мен тасыған шыбықтар мен
сыпырған жапырақтар
ағаш үстіндегі тірі жапырақтардың арасынан сүзіліп түскен шұғылаға – періштеге қарағандай елжіреп қарай берді.
Ағаш басында ілінген маған да көз тастады...
Мен де төменге үңілгенімде
сыпырғысын ұстап,
күтіп тұрған Әзірейілді көрдім...
Жаңа ғана сыпырғы ұстап тұрған
өзім екенім есімде қалмапты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгін көпшілікпен сенбілікке шықтым өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Бүгін көпшілікпен сенбілікке шықтым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгін көпшілікпен сенбілікке шықтым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгін көпшілікпен сенбілікке шықтым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері