Мен бар жерде сен барсың

Бұл бетте «Мен бар жерде сен барсың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1165
(Төлеуғали Есімжановты еске алу)

Туғаннан соң тірлік ортақ жаманға да, жақсыға да,
Дулы ортада, шулы ортада көптен бері жоқсың, аға.
Бір сапарға аттандың да қайтпай қойдың сол бетіңнен,
Дастарханда қалды суып сені күткен көп сыбаға.
Сені күткен той көп еді, көп еді ғой жиындар да,
Сен жетпеген үміт қалды, арман қалды қиырларда.
Біле алмадық, ту сыртыңнан дұшпан атқан оқ тиді ме,
Арғымағың мертікті ме кезіккенде қиын жарға?
Сен баспаған жолдар қалды, сен аспаған қалды белес,
Бар қызықты тастадың да қас қағымда болың елес.
Тірлік түбі бос екен ғой, жалған деген осы екен ғой,
Дүние көшіп жатса-дағы аспан тозып, жер жүдемес.
Сені күткен қауымың да, ауылың да қалды артыңда,
Шаңырағың, сүйген жарың отыр күтіп сол қалпында.
Мәңгі бақи шешілмейтін бұл фәнидің жұмбағындай,
Оралмайтын құсқа айналып, кеттің ұшып заңғар шыңға.
Сапарыңды жалғадың да таусылмайтын шырғалаңға,
Самғап жүрсің шаршамастан бізге жұмбақ бір ғаламда.
Сенің жаның бұл жақтағы меніменен тілдеседі,
Жәннаттағы – гүл бақтағы бұлбұл сайрап жырлағанда.
Ақын аз ба аласұрып іздегені табылмаған,
Шолақ ғұмыр шолтаңдаса қасіреті қалыңдаған.
Торға түскен тотықұстай бірте-бірте жуасыдым,
Мен де өзіңдей асау едім бұғалыққа бағынбаған.
Сағынышқа дауа таппай сәттерім көп аңтарылған,
Өмірге де көніп алдық сан кеңейіп, сан тарылған.
Көкірегім күңіреніп, көзден жасым бұршақтайды
Қаламыңды көргенімде қазығында қаңтарылған.
Пенде бар ма жарық дүние жаралғалы мың жасаған,
Қашан құлап түскенінше талпынудан тынбас адам.
Тән өлгенмен, шыбын жанның өлмейтіні рас болса,
Мен бар жерде сен де барсың, мұңдас ағам, сырлас ағам!..

1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бар жерде сен барсың өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен бар жерде сен барсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен бар жерде сен барсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бар жерде сен барсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері